Алматыда трамвай рельстері сатылып, 100 млн теңге табыс түсті
Оның үстіне тек рельстердің 17 шақырымы ғана шешіліп алынған, қалғаны 2018 жылы алынады
Алматыдағы трамвай рельстері металл өңдеуге өткізілді, деп хабарлайды inform.kz сайты.
«Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Ризван Цинаев хабарлағандай, рельстерді сатып алуға көбіне металл қорыту кәсіпорындары қызығушылық білдірген.
- Аукцион нәтижесінде: қайта төселген рельстер - «Қазферросталь» ЖШС-на 8 214 573 теңгеге, қара металл - «Металлокомплект» ЖШС-на 115 676 418 теңгеге өткізілді, - деді Р.Цинаев.
Ал, қалалық Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 2017 жылы Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі және 23 қиылыстағы ұзындығы 16,7 км трамвай желісі алынған болатын.
Рельстерді бұзып, тиеу жұмыстарына 123 млн теңге жұмсалған.
Жароков, Байтұрсынов және Мақатаев көшелеріндегі рельстер келесі жылы алынады.