Елбасы үш жылдық бюджетке қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
2018 жылы ел бюджеті 5,528 триллион теңге болса, шығын - 9,218 триллион теңге, дефицит - 639,6 миллиард теңге (Жалпы ішкі өнім – 1,1%) болады деп жорамалданған.
Ал 2019 жылы республикалық бюджет табысы 6,404 триллион теңге, 2020 жылы - 7,176 триллион теңге, шығын 9,798 триллион теңге және 10,220 триллион теңге болмақ.
Ал 2019 жылы бюджет жетіспеушілігі болуы мүмкін. 2019 жылы 608 млдр теңге, ал 2020 жылы 653,5 млдр теңге қазынаға жетпей қалуы мүмкін деп жорамалданған.