2018 жылдан бастап Қазақстанда газ бағасы қымбаттайды
ҚР Энергетика министрлігі ендігі жылдан бастап газ бағасы 10 пайызға дейін қымбаттайды деп отыр.
«Ішкі нарықтағы газдың көтерме саудадағы шектік бағасын бекіту туралы» қаулыға қол қойылды. Аталған қаулының негізінде энергетика министрлігі 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі газдың бір тоннасына бекітіліген шектік бағасын 38701,67 теңгеге дейін өсіруге бұйрық берілді.
Ал қазіргі уақытта газдың бір тоннасына бекітілген бағасы - 34319 теңге. Ал жаңа жылдан бастап оның бағасы, шамамен, 4,4 мың теңгеге өспек.