Өзбекстан Қазақстанға 132 млн доллар қарызын қайтарды
Өзбекстан электқуаты үшін алған қарызын Қазақстанға толықтай дерлік қайтарды. Бұл туралы KEGOC басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.
2011 жыл соңында Қазақстан мен Өзбекстан электрқуатын жоспардан тыс сатып алу туралы келісімге келген болатын. 2011-2015 жылдар аралығында бұл тасымал құны 143 млн теңгеге жетіп, тек жартысы өтелген болатын. Қалған соманы Қазақстан халықаралық арбитраж арқылы талап еткен.
Сот Астана жағына шығып, қарызды қазақстандық есеппен қайтаруды Ташкентке міндеттеді.
- Бұл сұрақты реттеу жұмыстары жүргізілуде және бұл қаражаттың басым бөлігі қайтарылды. Тек 11 миллион 300 мың теңге ғана қалды. Қалған соманы кесте бойынша жыл соңына дейін қайтаруға тиісті, - дейді Бақытжан Қажиев.
Следующая →

Тақырыптар:
Глава KEGOC Бакытжан Кажиев