Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда жалақының сатып алу мүмкіндігі төмендеуде

Елде жалпы ішкі өнімнің мөлшері артқанымен, жалақы көбеймей отыр

Онда да орташа айлық көлемі жыл басынан бері бар-жоғы 5 пайызға артыпты. Ал, шығын еселеп көбейіп отыр. Соның кесірінен, жұрттың сатып алу мүмкіндігі 2 жарым пайызға төмендеген, деп хабарлайды КТК телеарнасының www.ktk.kz тілшілері.

EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, биыл жұрттың сатып алу мүмкіндігі 2,4 пайызға төмендеген. Әсіресе, кәсіби ғалымдар мен техника мамандарының тұрмысы қатты нашарлап кетіпті.

-Биыл олардың жалақысы бақандай 20 пайызға қысқарған. Сәйкесінше, сатып алу мүмкіндігі 25 пайызға азайыпты. Ал, құрылысшылардың жалақысы 7 пайызға көтерілгенімен, оның да пайдасы шамалы. Мемлекеттік басқару органының қызметкерлері биыл 2 жарым пайызға көп жалақы алады. Ал, сатып алу мүмкіндігі одан 2 есеге төмендеген. Дәрігерлердің де жағдайы осындай, - дейді «EnergyProm» сарапшысы Динара Мұқашева.

Осылайша, орташа жалақының 5 пайызға, яғни 145 мыңға көтерілуі жұмысшыларға еш білініп жатқан жоқ.

- Азық-түлік пен ақылы қызметтер тарифі тез қымбаттауда. Ал, жалақы баяу көтеріліп жатыр. Сондықтан, оның инфляцияны қуып жетуі мүмкін болмай тұр, - дейді Динара Мұқашева.

Дегенмен, жуырда ғана Ұлттық банк инфляция қарқынының баяулағанын мақтанышпен жеткізген еді. Биыл жалпы ішкі өнім де 4,2 пайызға өсіпті. Бірақ, экономистер мұндай ресми мәліметтердің шындыққа мүлдем жанаспайтынын айтады.

- 25 жылда біздің ішкі жалпы өнім мың жарым доллардан 25 мыңға дейін өсті. Бірақ біздің өмір деңгейіміз 20 есе өскен жоқ қой. Бізде көп тауарлар өзімізде өндірілмейді. Барлық тауар сырттан келеді. Сырттан келгесін олардың бағасы долларға байланысты көтерілуі тиіс, - экономист Бақытжан Омаров.

Яғни, күн көріс қамының қиындауына бірінші кезекте АҚШ ақшасының шарықтап, теңгенің әлсіреуі себеп.

Следующая →