Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев әлемдік айналымнан 10 млдр АҚШ доллары алынып тасталады деген жаңалықты жоққа шығарды
Бұл жайында www.inform.kz «ҚазАқпарат» тілшілер хабар таратты.
Жақында бірнеше БАҚ бетінде Федералды резерв жүйесінің айналымнан АҚШ долларын алып жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын. Тіпті айына 10 млрд АҚШ доллары алынған деген дерек пайда болды.
- Мен тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын. Қазіргі таңда ФРЖ жаңа саясаты туралы ақпарат ресми түрде жарияланған жоқ. Ол тек кейбір БАҚ беттеріне шықты. Тіпті, ол қауесет рас болған күнде, бұл сома әлемдік жағдайды айтпағанда, АҚШ-тың нарығы үшін де елеусіз сома. Сондықтан біздің экономикаға оның ықпалы болмайды, - деді Данияр Ақышев.
Сондай-ақ Д.Ақышев АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары Қазақстан экономикасына қалай ықпал ететіні жайлы тілге тиек етті.
- Бұл үдерістің Қазақстан экономикасына ықпалы бейтарап болады деп бағалап отырмыз. Әлемдік шикізат нарығындағы көрсеткіштер тұрақты болса, Ресейге салынған санциядан келетін шығындар өте аз болады, - деді ол.
Сонымен қатар бас банкир теңге бағамы құбылмалы болған кезде интервенция жүргізілгенін айтудан бас тартты.