Шымкентте шығарылған аяқ киімдер Ресейге экспортталады
Шымкент қаласында «Заря» маркасымен отандық аяқ киім шығарылады. Олар жақын уақытта Ресейге шығарылады
ОҚО әкімдігінің сайты хабарлағандай, «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығатын аяқ киімдер таза былғарыдан жасалған. Жалпы аталмыш цех қысқы, жазғы, спорттық, әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киімнің 27 түрін жасайды.
Өндірушінің айтуынша, отандық өнім сапасы жағынан шетелдіктен еш кем емес. Әрі бағасы да қолжетімді: ерлер аяқ киімі 5 мыңнан 10 мың аралығында, әйел адамдардікі – 15 мыңға дейін, ал балалар аяқ киімін 4 мыңнан 8 мың теңге аралығында алуға болады.
Кәсіпорын басшылығы қазір ресейлік кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, болашақта өз тауарларын шетелге экспорттауды жоспарлауда. Болжам бойынша, жаңа серіктестер ай сайын 1000 жұп аяқ киім сатып алатын болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Экспорт обуви из Казахстана в Россию Экспорт казахстанских товаров Производство обуви в Шымкенте Акимат ЮКО