2017 жылы Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға 63,3 млрд теңге бөлінеді
Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген қаражат биыл 13%-ға көбейген
Қазақстанда «Жасыл экономиканы» дамытуға мемлекеттік бюджеттен 45,3 млн теңге бөлінеді. Биыл мемлекет қоршаған ортаны қорғауға 63,3 млрд теңге бөлгелі отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп.
Бөлінген ақшаның басым бөлігі – 50 млрд теңге су, орман ресурстарын және жануарларды қорғауға жұмсалмақ. Биыл қоршаған ортаны жақсартуға бөлінген ақша 90 есеге артып, 2,9 млрд теңгені құраған. Бұған Бурабай мен Шучинск аймағындағы демалыс орындары қалпына келтірілген. 2,6 млрд теңгеге Қарасу көлінде тазалық жұмыстары жасалған.
Мемлекеттік бюджетке экологиялық айыппұлдардан 41,1 млрд теңге келіп түскен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп.
Қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттен өзге кәсіпорындар да қаражат бөледі. 10 жылдың ішінде қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын кәсіпорын қаражаттары 3,5 есеге өскен.
Жыл сайын Қазақстанда ауаға орташа есеппен 2,5 млн тонна зиянды қалдық жіберіледі, оның 80 пайызын кәсіпорындар шығарады. Ауаға тараған зиянды қалдықтарды, көбінесе, тау-кен өндіру кәсіпорындары бөледі.