Қазақстанда ресейлік әскери ұшақтардың бөлшектері жасалмақ
Ресейлік ұшақ құрастырушы «МиГ» компаниясы МиГ-35 жойғыш ұшағының кейбір бөлшектерін Қазақстанда жасамақ
Сейсенбі күні "Казахстан инжиниринг" ҰК» АҚ төрағасы Вадим Шакшакбаев пен И.Тарасенко арасында Қазақстанда «МиГ-35» ұшағының бөлшектерін құрастыру туралы келісімшартқа қол қойылды.
- Біз үшін бұл өте маңызды дүние. Осы келісімнің арқасында ұшақ жасау өндірісін одан әрі дамыта аламыз, - дейді И.Тарасенко.
Өз кезегінде, Вадим Шакшакбаев ұшақ бөлшектерін жасау екі елдің қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы жасақталатындығын айтты. Сонымен қатар, құрастырылған ұшақтың техникалық дайындығына жасалған бағалау кезеңі де Қазақстанда ұйымдастырылмақ.
- Біз алдағы 1,5-2 ай мерзім ішінде жұмыс тобын құрамыз деп жоспарлап отырмыз, - дейді Вадим Шакшакбаев.