Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда қараусыз қалған ғимараттар мәселесі шешілуде

Егер зәулім қалаларда мұндай нысандар санаулы болсы, өңірлерде олар аудан көркін бұзғаннан бөлек, кез келген сәтте құлауы мүмкін

Тастанды зауыттар мен үйлердің қаңқалары. Алматыдан 70 шақырым жерде. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың бірі жоғары технологиялы құралдар кәсіпорны болуға тиісті еді. Мұнда өндірістік роботтар шығару жоспарланған. Жобалаумен жапондықтар айналысқан. Кеңес құлдырағаннан кейін нысанның құрылысын аяқтау мүмкін болмады.

Зауыттан бар қалғаны – мекеменің бес қабатты қаңқасы. Ол күзетілмейді. Түнде және кешке "күдікті компаниялар" жиналса, демалыс күндері экстрималды ойынсүйер қауым жиналады.

Зауыт қараусыз қалған кезде, оны металлға бұза бастады. Кранмен аяқталмаған цех тақталарын шешіп, бағаналарын құлатқан.

Тастанды мекемелерге экскурсияны Альбина Лаврова өткізеді. Ол бүкіл өмірін Қапшағайда өткізген және туған қаласының тағдырына алаңдаушылық білдіреді.

- Бұл тек бұрыннан мекен етушілердің емес, жастардың, ештеңе істей алмай келе жатқан әкімдіктің де қасіреті. Себебі барлығы 90-шы жылдары жеке меншік қолға сатылып кеткен. Барлығы тұрғын үйлерін, көпқабатты үйлерді, стадиондарды сатып жіберді – сатып алып, лақтырып кетті, - дейді Алматы тұрғыны Альбина Лаврова.

Бүгінгі таңда мұның барлығы – жеке меншік. Мекемелер мен оның айналасын қалыпқа келтіруге иелері асықпайды. Барлығын сот арқылы міндеттеуге тура келеді.

- Әрине мұның барлығы иелерінің қаржылық жағдайларына байланысты. Кейбір нысандар бойынша консервациялау туралы сот шешімі де бар. Кейбір сәттері оларды сотқа беріп, мұндай нысандарды коммуналды меншікке өткізу туралы хабардар етеміз, - дейді Қапшағай қаласының қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Ғани Абдыханов.

Алынған мекеменің бірі – Мәдениет үйі. Аяқталмаған құрылысымен қала ортасының көркін бұзып тұр. Бұл жерге жаңа Көңіл көтеру орталығын тұрғызу үшін билік 80 мың доллар бөлген. Нысанды келесі жылы өткізу керек.

Следующая →