Қазақстанда ТМД тауарлары күрт қымбаттады
Алыс шет елден әкелінетін тауарлардың бағасы біртіндеп көтерілгенімен, бағаның өскені айқын байқалады
Қаңтар-сәуір айларында импорттық тауарлар мен азық-түлік бағасы өткен жылғымен салыстырғанда 10,4%-ға артқан, деп хабарлайды finprom.kz сайты.
Өткен жылы төрт айда баға 8,2%-ға, ал 2015 жылы 5,9% пайызға ғана көтерілген болатын.
Бағаның тез көтерілуіне ТМД елдерінен әкелінетін тауарлардың қымбаттығы әсер етеді.
Кәсіпорындар мен тұрғындар үшін биыл жартылай фабрикат және дайын өнімдер қымбатқа соғуда. Бір жыл ішінде жартылай фабрикат өнімдер бағасы – 11,5%, дайын өнімдер - 10,6%, ал шикізат 5,9%-ға өскен.
Дайын өнімдер қатарындағы құрылыс материалдарының бағасы да 20,2%, азық-түліктік емес тұрмыстық өнімдер 11,2% және көлік, құрылғылар мен көліктік құралдар 9,5%-ға қымбаттаған.