Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібі кешенін модернизациялауда

Елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Ақорда сайты хабарлағандай, кездесуде Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі мақсаты озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жасау, аэроғарыш қызметін дамыту, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету екеніне назар аударды.

– Қазір бұл министрліктің құзырында бұған дейін түрлі ведомствоның қарауында болған салалар бар. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі озық инновациялық әзірлемелерді бірінші болып қолданып келе жатқан мемлекеттік органдардың қатарында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстан Президентін атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен осы саладағы ортамерзімді перспективадағы жоспарлар жөнінде хабардар етті.

– Министрлік Сіздің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауыңызды жоспарлы түрде іске асырып келеді. Нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, қорғаныс кешені мен өнімді экспорттау кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөнінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік қорғаныс тапсырысы әзірленіп, іске асырыла бастады, – деді Б.Атамқұлов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Следующая →