2017 жылы қазақстандық банктердің активтері 672 млрд теңгеге қысқарған
Қазақстандық банк секторы әлі де қысқарып жатыр, жылдың басынан бері активтердің құны 2,6 пайызға дейін қысқарған
Бес айдың ішінде ҚР банктерінің жалпы құны 2,6 пайызға қысқарған, оның ішінде сәуір-мамыр айларында 0,6 пайызға қысқарды.
Банк активтерінің құлдырауына нарық қатысушыларының кредит алу белсенділігінің артуы себеп болған. 2017 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстандағы екінші дәрежелі банктердің қарызы 1,7 пайызға артқан, яғни 255,4 млрд теңгені құраған.
Мамыр айының өзінде банк секторындағы ақшасы 12 млрд теңгеге азайған. Алайда 33 банктің тек 22-і ғана өз активтерінің құнын өсіре алған.