ҚР Ұлттық банкі теңге курсының неліктен төмендегеніне түсініктеме берді
Валюта нарығындағы өзгерістердің орын алуына мұнай бағасының төмендеуі себеп
ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін $46 деңгейге дейін және одан аз төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығы бойынша жаңалықтар аясында орын алуда. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың ұлғайып келе жатқан өндірісі және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табыстылығына күмәндануға мәжбүр етті. «Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Ә. Молдабекова.
Негізгі іргелі факторлардың бірі ретінде мұнай бағасының серпіні Қазақстан теңгесінің айырбастау бағамында көрінеді. Алайда ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр. Аптаның басынан бастап мұнай бағасының оң түзетуі бар мынадай валюталардың кейбір төмендеуі болды: 19 маусымда күн жабылғаннан бастап ағымдағы сәтке дейін теңге шамамен 2.3%, Ресей рублі 2.7%, Канада доллары 0.5%, Бразилия реалы 1.4%, Норвегия кронасы 0.7% төмендеді. Жұмадан бастап теңге 3%, Ресей рублі 4%, Канада доллары 0.6%, Бразилия реалы 1.1%, Норвегия кронасы 1.4% құлдырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз кезегінде валюта нарығындағы ахуалды қадағалауын жалғастырып отыр және артық құбылмалылықты реттеу жөнінде шаралар қабылдау құқығын өзіне қалдырып отыр.
2015 жылғы 20 тамызда валютаның еркін өзгермелі бағамының режиміне өткен сәттен бастап ұлттық валютаның айырбастау бағамы нарықтық болып табылады және валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Бұл қаржы секторындағы теңгерімсіздіктің жинақталмауына, сондай-ақ экономиканың сыртқы факторлардың өзгерістеріне орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.