Өскемен қаласында суық су бағасы қымбаттады
Өскеменде 1 маусымнан бастап суық суға төлейтін тариф құны қымбаттап, тұрғындар енді 55,53 теңге емес, 61,89 теңге төлейтін болды
«Өскемен Водоканал» МҚК-ның бес жылға арналған тариф жоспарын облыстық антимонополия мекемесі мақұлдаған көрінеді. Соған байланысты аталмыш қазына кәсіпорны биылғы жылдың жазынан бастап жоспардың үшінші кезеңін іске қосады.
Жаңа тариф құнына сәйкес өскемендіктер судың әрбір текше метріне 55,53 теңге емес, 61,89 теңге төлейтін болады. Ал есептеуіші жоқ пәтер иелері тіркелген әрбір тұрғын үшін ай сайын 422,03 теңге емес, 470,37 теңге төлейді. Ал канализация үшін әрбір текше метрге 68,13 теңге (бұрын 60,83 теңге болған) немесе әрбір тұрғынға 735,12 теңге (бұрын 656,35 теңге) төленетін болады. Бағалардың барлығына ҚҚС қосылған.
Следующая →

Тақырыптар: