Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Министр: ТМД аймағы бойынша ең арзан жанармай Қазақстанда

Энергетика министрлігінің негізгі міндеті – жанармай тапшылығына жол бермеу және ЖЖМ нарығын қамтамасыз ету екендігін атап өтті нергетика министрі Қанат Бозымбаев

-Энергетика министрлігінің негізгі міндеті – жанармай тапшылығына жол бермеу және ЖЖМ нарығын қамтамасыз ету. Ал бағалар нарықтың өзімен реттеледі. Біз барлығымыз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады, Түрікменстанды қоспағанда, оның төртеуінде ЖҚС-та бағалардың деңгейі айтарлықтай жоғары. Егер бағаны төмендетсек, отынды шектеуге тура келетінін түсінуіміз керек. Және бұл нарықтық экономиканың қарапайым заңы, - деп атап өтті министр.

Осы ретте, ведомство басшысы Қазақстандағы жанармай бағасы туралы да пікір білдірді, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты. 

-Мен Еуропа елдердегі жанармай бағасы мен Қазақстандағы бағаны салыстырмаймын да. Өйткені елдер арасында кіріс деңгейінің айырмашылығы жоғары екенін түсінемін. Министрлік тарапынан баға белгілеудің барынша таза болуына қол жеткізуге және ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикалық ұтымды жағдайын жасауға әрекет жасалуда. Ол үшін мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығы сынды бірқатар тетіктерді қарастырудамыз және салық саясатына болашақта өзгерістер енгізбекпіз, - деді Қ. Бозымбаев. 

Сонымен қатар, газ секторында елді мекендерді газдандыру жобалары да жалғасын табуда.

Қанат Бозымбаев Қазақстан үшін нысаналы индикатор 2030 жылға дейін елді газдандыру деңгейін 56%-ға дейін жеткізу екенін еске салды. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, қосымша қуаттылықтардың пайдалануға енгізілуімен отандық газды Қытайға экспорттауға техникалық мүмкіндік пайда болды.

 

Следующая →