Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Зырянда егін жұмыстары басталып кетті

Зырян ауданының әкімі ағымдағы жылдың төрт айында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, атқарушы билік органдардың алдыңғы жоспарларымен бөлісті

Айта кету керек, Зырян ауданының негізі 1997 жылдың 23 мамырында қаланған болатын. Қазір бұл ауданда 70 мыңға жуық тұрғын мекен етеді. Аудан ауылшаруашылық саласы жағынан ірі өндірістік өңір болап табылады. 
- Қазір біздің ауданда Зырян тау-кен байыту комбинаты, Бұқтарма цемент компаниясы, сонымен қатар ауданымыздағы жалғыз орман шаруашылығында ондаған ағаш өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов. - Қазір ауданымызда ағаш өңдеп, өнімдерін экспортқа шығаратын «Фаворит» компаниясы жұмыс істейді.
Бұқтарма су қоймасының жағалаулары ауданның экономикалық жағдайына тек оң әсерін тигізуде. Жалпы айтқанда тау-кен өндіру, су энергетикасы, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы бұл ауданда айтқысыз байқалады. Агроөнеркәсіпке келгенде аудан алдыңғы қатарлардан көрініп келеді. 
- Қазіргі таңда Зырян ауданының 70 пайыз жері агроөнеркәсіптік бағытта игеріледі. Бізде бос жер телімдері жоқ деуге болады. Жақсы өнім алғандықтан жерімізді толықтай игеруге тырысамыз, - дейді Нұржан Тоқсеитов. Былтырғы жылы тыңайту жұмыстарын қолданған шаруашылықтардан өте жақсы өнім алған. Бүгін барлық шаруашылықтар тыңайту жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық басшылары да, атқарушы органдар да мұның тиімді екенін жақсы түсінген. Өтей алатындарына да сенімді.
Коопертивтер құру мемлекетіміздің саясаты болып табылатыны баршаға мәлім. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту концепсиясының бекітілгені де аян. 
- Біз ірі шаруашылықтар құрумен шектелмейміз, оны бақылау сұрақтарын да ұмытпауымыз керек. Қазіргі таңда барлық жергілікті мекендерде кооперативтер жұмыс істеуі керек деген пікірдемін. Кооперативтерде сүт қабылдау бекеттері болады, - дейді Нұржан Тоқсеитов.
Есеп беру барысында аудан әкімі сонымен қатар бірқатар мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағы» болған талаптарға да тоқаталып өтті. 
- 2011 жыл бойы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыспен қамтуға қаражат бөліп келдік. Бүгінгі таңда бізде белгілі қарыздар бар. 2011 жылды біз өтеп болдық.  2012-2013 жылдар бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Мысалы, былтырғы жылы қарызды қайтару көлемі 300 мың теңге болса, бүгін түсіндіру, келіссөз жұмыстары арқылы 85 миллион теңгеге дейін көтерілді.
Аудан басшысы бұл қаражаттың бюджеттік екенін айтып өтіп, қойылған міндеттер болғандықтан, оны қайтару жұмыстарымен айналысатынын атап өтті.
 
Следующая →