Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

«Marcon-2017» конференциясы өтеді

30 мамыр күні Алматы қаласында Қазақстандағы бірінші мамандандырылған «Marcon-2017» контент-маркетинг конференциясы өтеді

Атап айтқанда маркетологтар, бренд-менеджерлер, сайт жасаушылар мен онлайн-кәсіпкерлер пайда әкелетін контент жасауды үйрену үшін бір орынға шоғарланады. 

Конференция барысында 12 спикер қатысушыларға 7 сағат бойы белсенді дәріс өткізеді. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, контент-маркетингтің жаңа кейсін ұсынады. Олардың қатарында YouTube, Yandex, Buzzoola, Heineken, Angel-In-Us Coffee және LG Electronics өкілдері болады.

Бағдарламада қазақстандық контент-маркетингтің бест-кейстері, 2017 жылдың маңызды digital-трендтерін анықтау (Қазнет және әлемдік тәжірибе), табиғи жарнама, әлеуметтік медиа, онлайн-бейне контентті шешімдерін жүзеге асыру бойынша шеберлік-сыныптары мен маркетингті стратегия құру және пайда әкелетін контент қабілетін қалыптастыру қарастырылған. 

- Контент-маркетинг ғаламтор-жарнама нарығындағы ойын ережелерін біртіндеп өзгертуде, бірақ оның мүмкіндіктері біз үшін көп жағдайда жеті мөрдің астында қалып отыр.  «Marcon-2017» оның шынайы келбетін ашады. Біздің мақсатымыз – тыңдаушыларды жаңа ойлармен, қолданбалы шешімдермен және креативті кейстермен нон-стоп режимінде шабыттандыру, - дейді конференцияны ұйымдастырушы, қазақстандық кәсіпкер, медиа-менеджер және продюсер Виктор Елисеев. 

Конференция 2017 жылдың 30 мамырында Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 140 А мекенжайында орналасқан МК VILLA Boutiques & Restaurants-та өтеді. Басталу уақыты: 10.00-де. Анықтама телефоны: 87772790706.

Следующая →