Ресей Қазақстаннан келетін сүт өнімдеріне шектеу қойды
Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басқармасы Қазақстандық екі кәсіпорынның 6 сүт өнім түрлерін елге кіргізуден бас тартты
Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау басқармасы сайтында хабарланғандай, Қазақстандық «Деп» ЖШС мен «Милх» ЖШС-не тиесілі бірнеше сүт өнімдері «Сүт өнімдері мен сүт өнімдері қауіпсіздігі» тұжырымдамасының техникалық ережелеріне сай өндірілмеген. Яғни, сүт өнімдерінің май қышқылдық құрамы ветеринарлық-санитарлық тәртіп пен нормаға сәйкес келмеген.
Өнімді тоқтату жөніндегі ақпараттық хат Қазақстан Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аймақтық инспекциясы мен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Қостанай филиалына жіберілді.
Ал 12 сәуір күні «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Қостанай филиалы 6 сүт өнімін қайтару жөнінде Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметінің Челябинск облысы басқармасына ресми ақпарат берді.
Следующая →
Тақырыптар:
Россельхзнадзор приостановил ввоз казахстанской продукции Экспорт молочных продуктов в РФ