Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Актау
    +11°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +7°
$
491.7
+3.89
531.28
+3.66
¥
68.9
+0.46
5.07
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Оңтүстік Қазақстанда «Mersedes» жүк көлігін шығармақ

Алманияның Бас консулы ОҚО-дағы инвестициялық мүмкіндіктермен танысып, серіктес болуға әзірлігін білдірді

ОҚО әкімшілігі баспасөз қызметінің дерегінше, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында аталмыш өңірге Алмания Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Йорн Розенберг бастаған неміс делегациясы келді. Шымкент қаласындағы екікүндік жұмыс сапары барысында неміс өкілдері ОҚО кәсіпкерлер палатасы, «Ontustik» туристік-ақпараттық орталығы, индустриалды аймақта орналасқан «Тассай» және «Оңтүстік» кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Деллегация құрамында Орталық Азиядағы Алманиялық экономика өкілдігі басшысының орынбасары Г. Жунусалиева, «Robert Bosch» ЖШС директоры В.Коломицын, «"EW-EURODRIVE» компаниясының өкілі және «Виртген Қазақстан» ЖШС директоры А. Елгонов болды. Облыс әкімі Бас консулға аймақта «Merсedes» маркасының жүк көлігін шығаратын және автошина жасайтын екі зауыт филиалын ашуды ұсынды. Бас консул өз кезегінде, танытылған қонақжайлыққа алғысын білдіріп, неміс компанияларының Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына бағытталған ортақ жобалармен жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді. - Көпшілік неміс кәсіпкерлерін тарту мақсатында аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері мен индустриалдық аймақ қызметтерімен таныстым. Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан облысы мен оның орталығы – Шымкент қаласы Алмания үшін маңызы орасан екендігін жасыра алмаймын. Себебі – бұл халқы тығыз орналасқан және экономикасы қарқынды аймақ. Сондай-ақ, биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан мен Алмания дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығын атап өткен болатын. Бұнымен қоса, Йорн Розенберг Қазақстан Алмания үшін Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес екендігін де айта өтті. Кездесу барысында қос тарап та екіжақты әріптестікті көптеген салалаларда жүргізіп, жақсартуға бекісті.
Следующая →