Елімізде дизель отынына арналған акциз мөлшері төмендетілді
Дизель отынына арналған акциз мөлшері сәуір-мамыр айларында тоннасына 9 300 теңгеден 540 теңгеге төмендетіледі
Өткен жылдың тамыз айында дизель отынының бөлшек сату бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталған болатын.
Бұл шешім Ресеймен салыстырғанда Қазақстандағы дизель отынының бағасы 45% арзандап кетуіне байланысты қабылданды. Бағаның арзандауы Қазақстандық жанармайдың Ресей нарығына арзан бағамен кетіп және елімізде жанармайдың тапшылығына әкеліп соқты.
Бұл шешім бір жағынан екі ел арасындағы баға үйлесімділігін азайтса, екінші жағынан жанармайды өндірушілер мен сатушылардың шектеулілігін арттырды.
Сондықтан, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Бензин мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысымен сәуір айынан бастап қазан айына дейін жанар-жағармай материалдарына арналған акциз мөлшерін тоннасына 540-теңгеден 9300 теңгеге дейін жоғарылату туралы шешім қабылданды.
Бірақ қабылданған шешім ауыл шаруашылығының кезеңдік жұмыс кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін берілетін арзандатылған отын алу мөлшерінің төмендеп, аграийлерге 10 млрд. теңге көлемінде қосымша шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Бұл өз кезегінде азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына әсерін тигізеді.
Сондықтан, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егістік жұмыстары басталған кезден бастап, дизель отынына берілетін акциз мөлшерін а.ж. сәуір айынан бастап мамыр айына дейін тоннасына 9300 теңгеден 540 теңгеге дейін арзандату туралы ұсынысымен шешім қабылданды
Қабылданған шешім ауыл тұрғындарының 2 млрд. теңге көлемінде қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.