Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда ет бағасы тағы қымбаттады

Қазақстандағы Ауылшаруашылық министрлігі ет бағасы жанармай мен мал азығы бағасының өсуімен байланыстыруда

Елімізде ет қымбаттады. Әсіресе, ең өтімді сиыр еті 400- 500 теңгеге өскен. Сондай-ақ, жылқы мен қой етіне де құн шарықтапты. Сатушылар қымбатшылықты экспортқа еттің көп жөнелтуімен байланыстырады. Оның үстіне аяз бен боранның кесірінен жолдар жабылып, етті базарларға жеткізу қиынға соғып тұр екен. Сондықтан тапшылықты пайдаланғандар бағаны өсіріп жіберіпті, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Баға өскелі ет іздегендердің қарасы сейілген. Мәселен, Ақтөбеде ең өтімді сиыр еті 400-500 теңгеге дейін қымбаттаған. Қымбатшылық Қарағандыны да айналып өткен жоқ. Мұнда 400 теңгеге өскен сиыр еті, 2000 теңгеден сатылуда. Ал, жылқы еті тіптен 2 жарым мың. Бағаның өсуіне кәсіпкерлер тапшылық себеп дейді. Айтуларынша, өңірдің еті Ресейге жіберілгендіктен, ішкі нарықта жетіспеушілік бар. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғандар құнды өсіріп жіберген.

 

Василий Дашкин, ет дүкенінің қожайыны:

 

-Оның үстіне жанармай мен жем, шөптің бағасы қымбаттап кетті. Мал шаруашылығымен айналысатындарға бұл қатты әсер етеді. Сол үшін былтырдан бері өсіп жатқан баға биыл бірден шарықтап шыға келді.

 

Шымкентте де баға айтарлықтай өскен. Мұнда қой, сиыр, жылқы етінің құны 200 теңгеге көтерілген.

 

-10 келі алатын болсақ, енді қазір 5-3 келі аламыз. Барлығы солай. Қалтадан қағып жатыр.

 

Ет бағасы Астанада да аспандап тұр. Өзге өңірлермен салыстырғанда мұнда сиыр еті мүлдем қымбат. Бұрын 1400-1500-ден сатылған ірі қара етінің бағасы 2 мыңнан асып кеткен.

 

-Бүкіл тауардың бәрін қымбаттатып жіберді. Зейнетақыға қостық дейді қосқаны 3 мың. Ал, тауардың екі еседен артық қымбаттатып жіберді.

 

-Қазақстанда мал жетеді. Біз экспортқа күшті еттерді жібереміз де өзіміз жақсы ет жей алмаймыз. Ет қымбат  енді тағы қымбаттап жатса білмеймін.

 

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының өсуін қолайсыз  ауа райынан көреді. Өйткені, аяз бен боранның кесірінен шаруа қожалықтары етті қалаға жеткізе алмай жатыр.

 

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

 

-Сұраныс көп болғандықтан сатушылар бағаны қымбаттатып жатқан шығар. Өйткені, ауа райына байланысты етті базарларға жеткізу қиын болып тұр. Жолдар жабық. Сондықтан ет тапшылығы болған соң, баға өсіп кетеді.

 

-Ал қыста жолдардың жиі жабылатынын ескерсек, алыпсатарлардың саудасы қызары анық. Бірақ шенеуніктер бағамен ойнағандарды жаппай жазалаймыз деп отыр. Тіпті қымбатшылық жайлаған  базарларға арнайы тексеріспен бармақ.

 

Следующая →