/ Әлем және Қазақстан

Жаңа піскен көкөністермен қамтылуда

Тарбағатай ауданында жылыжай құрылысы қарқын алып келеді. Бүгінгі таңда ауылда 16 жылыжай жұмыс істеп тұр. Олардың үшеуі биыл бой көтерді
25 қараша 2016 года, 07:19 1470
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Жаңа піскен көкөністермен қамтылуда
Ақпарат көзі: © Алдасан Фото: © good-tips.pro
- Ауданымызда ашылған жылыжайлардың барлығы бюджеттік мекемелердің, яғни, мектеп, балабақша жанында салынып отыр. Мұндағы басты мақсат, балаларды қысы-жазы көкөністермен қамтамасыз етіп отыру, - деді Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев.

Әр жылыжайдың көлемі шамамен 500-1000 шаршы метрдің арасында салынды. Бір жылда жылыжай 6-7 рет өнім беріп отырады екен.

- Алдағы жылы шамамен 5 жылыжай салуды жоспарлап отырмыз. Бұл ауыл тұрғындарын да арзан және жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге көмектеседі, - деп атап өтті аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.

Әзірге жылыжайды күтумен айналысатын арнайы мамандар жоқ. Дегенмен жылыжайдың жұмысын өз еріктерімен қолдарына алып отырған биология пәнінің мұғалімдері оқушыларды бау-бақша күтіміне баулып отыр.


 Ерке Биғазина

Загрузка...

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз