Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жылу жүйесі үшін төлемді қалай үнемдеуге болады?

ШҚО ТҮКШ және тариф сұрақтарын сараптау бойынша жұмысшы тобының төрағасы өскемендіктерге жылу маусымында жылуды қалай үнемдеуге болатындығын айтты

Бұрын жылу жүйелері үшін жүргізілетін төлем ережелерін үкімет бекітсе, енді әкім бекітеді. Ал бұл ережелерді Энергетика басқармасы әзірлейді. Кейін құзырлы орындарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жіберіледі. Осыған орай, Эдуард Викторович те өз ұсыныстарын, ережеге өзгертулер мен толықтыруларын ұсынған екен. Алайда ол ұсыныстары еш ескерілмеген.

- Біз енгізген өзгертулер жаңа ережелерге енгізілген жоқ. Сондықтан мәселені қоғамдық кеңес арқылы шешуге тура келеді, - деді «Лайф» ҚБ төрағасы Эдуард Датчиков. - Біз ұсынған өзгерістерге облыс басшысы қол қоятын болса, біз алып отырған қазір бақыланбайтын коммуналдық қызмет тарифтері бақыланып, реттелетін болады. Сонымен қатар, төлем ақыны азайтуға мүмкіндік туар еді.

Яғни, төрағаның айтуынша егер ол ұсынған ережедегі өзгертулерге облыс басшысы қол қоятын болса, қала халқының қазір төлеп жүрген тарифі айтарлықтай төмендейтін еді. Мәселен, жылу тарифі ауа тепмературасымен ғана емес, жылытылатын кеңістіктердегі ауа температурасына сай есептелу керек.

- Бұл не береді? Мәселен, қазір үкімет бекіткен әдістеме бойынша барлық кеңістікте 21 градус деп есептеліп, сол бойынша жылу үшін ақы төленеді. Ал егер ауа температурасын нақты көрсетіп, яғни, жертөледе – 4, қоймада – 14, ас үй мен жатын бөлмеде – 18, санитарлық торапта – 25, бұрыш бөлмелерінде 22 градус деп есептеп, барлық температура қосындысын кеңістік көлеміне көбейтіп, оны жалпы көлемге бөлсек, 21 градус емес, 17 градус шығады.

Демек, енді 4 градустың ақшасын үнемдеуге болады. Яғни, 1 шаршы метр үшін 166 теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туады.

Ерке Мұхаметкәрім
Следующая →