/ Экономика

Қазақстанда спорттық ғимараттарды салып үлгере алмай жатыр

Бұл туралы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып өтті
24 мамыр 2016 года, 06:32 1011
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - В Казахстане не успевают строить спортивные объекты
Ақпарат көзі: © Устинка Live Фото: © kapital.kz
Сондай-ақ министр елдің спорттық кешендерінің толы екендігін жеткізді. Балалар таңғы сағат жетіден бастап жаттығуға мәжбүр. Оның айтуынша бүгінігі күні Қазақстанда төрт жарым миллион адам спортпен белсене айналасады.

- Қазақстан Республикасында жастардың мәдениет пен спортқа қарай бет бұруы үшін барлық жағдайлар жасалынып отыр. Біз спорттық ғимараттарды салып үлгере алмай жатқандығымызды мойындауымыз керек, – деді Мәдениет және спорт министрі.

Өткен жылы қазақстандық спортшылар 748 медаль иеленген. Ал «Астана» футбол клубы тарихта алғаш рет чемпиондар лигасына жолдама алды. Енді спортшыларға Рио Де Жанейрода өтетін ХХХІ жазғы ойындарда лайықты ойын көрсетсе болғаны. Бүгінгі күні 23 спорт түрінен оған қатысу үшін берілетін 82 лицензия ұтып алынған. Алда 25 спорт түрінен жүзден астам лицензия алу жоспарланып отыр.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз