Отандық және халықаралық үздік волонтерлер анықталады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына байқау жариялады
15 номинация бойынша үздік еріктілер мен еріктілер ұйымдары анықталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сыйлық волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.
Байқауға қатысуға құжаттар 25 шілде мен 5 қыркүйек аралығында қабылданады, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. - Өтінімдер волонтерлердің «Qazvolunteer.kz» бірыңғай онлайн-платформасы арқылы (DOC, DOCX, PDF форматында) қабылданады. Әр үміткер бір номинациясына ғана өтінім бере алады.
Өтінімдер 15 номинация бойынша қабылданады: «Үздік волонтерлік ұйым», «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы», «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін», «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін», «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін», «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін», «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін», «Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін», «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».