Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үстіне шапан жамылған Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі

Новости Казахстана / Үстіне шапан жамылған Назарбаев халықты Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото:
tumba.kz
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Nur.kz сайты». 

"Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын", - деді елбасы.

 "Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын", - деп жастарға өсиетін табыстады Назарбаев. 

"Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін", – деді Қазақстан Президенті.
Следующая →