Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қытай еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға дайын

Алып нарыққа бұған дейін бидайды тек қаппен жөнелтсек, енді вагондап тасуға болады

Новости Казахстана / Қытай еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға дайын
Фото:
24kz
Бұдан бөлек майлы дақылдар, ет, сүт, кондитер өнімдері де іргедегі елдің ірі нарығына шығарылады. Екі мемлекеттің арасындағы ұзақмерзімдік келісімшарттар нәтижелі аяқталуға жақын, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты». 

Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің Бейжіңге жасаған сапарында белгілі болды. 

Бүгінде Қытайға жаһан жұртшылығы бұрынғыдай жұмыс күші арзан ел деп қарамайды. Көршіміз – алыстағы Африкаға дейін ақша құйып жатқан бай мемлекет. Қалталы қытайлықтардың да қарасы артып отыр. Осы 1 млрд 300 млн халқы бар алып нарықтан алыс жақын шетелдің бәрі дәмелі. Соның ішінде іргедегі Қазақстанның мүмкіндігі мол. Өйткені мұнда орташа дәулетті, талғап әрі талдап жейтін ауқатты тұтынушылар көп. Табиғи өнімге деген сұраныс жоғары. Асылжан Мамытбеков басқаратын минстрліктің де мақсаты – сол үлкен нарықтан өз үлесін алу, яғни Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға көптеп шығару. Бейжіңге жасаған сапарында қазақ министрі әріптесімен кездесіп, осы саладағы маңызды мәселелерді талқылады. 

Чу Дунюй, Қытай Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: 

- Бүгін нәтижелі отырыс өтті, енді біз сөзден нақты іске көшеміз. Өйткені министр Мамытбеков мырзамен өзара келіссөздер нәтижелі болды. Алдағы уақытта Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерін елімізге әкелу үшін бірқатар кедергіні алып тастаймыз. Сонымен қатар сұранысқа сай Қытай тауарларын Қазақстанға шығарамыз. 

Осы мақсатта биыл жыл ортасына таман Қытай тарапының құзырлы органдары Қазақстанға арнайы сапар шегіп, бал өндіретін, мал бордақылайтын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды аралап қайтпақ. Демек, қазақтың органикалық азық-түлігін алып нарыққа саудалайтын сәт алыс емес. Бұл туралы министр Асылжан Мамытбековтың қытайлық сапаны қадағалау және Карантиндік инспекция бас басқармасының төрағасы Чжу Шупинмен кездесуінен кейін мәлім болды. Соңғы жылдары өсімдік жейтін жұрттың етке деген тәбеті артқан. Мәселен, 2010 жылы Қытай 80,5 мың тонна ет сатып алған. Араға төрт жыл салып, ет импортының көлемі 7 есе өсіп, 579,8 мың тоннаны құрады. Бірақ Қазақстан былтыр Ресей мен Қытайды қосқанда 16 мың тонна ғана ет сатты. Болашақта бұл олқылықтың орны толтырылады. 

Цзя Хэи, «Айцзюй» индустриалды корпорациясының басқарма төрағасы: 

- Біздің бірнеше рет жүргізген келіссөздеріміз сәтті аяқталып ірі кәсіпорындардың құрылысын бастаймыз. Сәуір айының ортасында жұмысты бастаймыз. Биыл жылдық қуаты 160 000 тонна май өндіретін зауытты іске қосамыз. Келер жылы өндіріс көлемі 20 000 тонна болатын ұн зауытын ашу жоспарда бар. Бұдан бөлек жылына 10-20 мың тонна болатын ет комбинатын да салу жоспарымызда. Бал, сүт өнімдерін Қатайға ғана емес, Еуропаға экспорттауды қарастырып жатырмыз. 

Жалпы инвестиция көлемі 60 миллион АҚШ долларына жуық. Оның 15 миллионын биыл игереміз деп отыр. Ауқымды жобаны іске асыру үшін қазақстандық мамандарды Қытайда арнайы дайындықтан өткізіп, жаңадан салынатын агроөнеркәсіп кешендерінде жұмыспен қамту қарастырылған. Сексен жылдық тарихы бар бұл компания Қытайда ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеумен айналысады.
Следующая →