Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үйсіз жүрген жас отбасыларды баспанамен қолдау

Жаңадан шаңырақ көтерген жастар пәтер жалдап, тапқан табыстарының жартысын жалдамалы баспана қамына жібереді

Новости Казахстана / Үйсіз жүрген жас отбасыларды баспанамен қолдау
Фото:
turkystan.kz
Мемлекет баспанасыз жүрген жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағдарламасын енгізді. Бұл «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде әзірленген тұрғын үй құрылысының жаңа бағыттарының бірі.

– Бүгінгі таңда «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде 829 жас отбасы өтініш жазып, 345-і баспаналы болды. Жас отбасыларға арналып салынып жатқан баспаналар 19-тұрғынүй аймағында орналасқан, - деді Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов.

Сондай-ақ, бөлім басшысы аталған бағыт аясында 2016 жылы Өскемен қаласының 19-тұрғынүй ауданында 60 пәтерлі тұрғын үйді тапсыру жоспарланғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, «Қол жетімді тұрғынүй - 2020» бағдарламасына қатысу үшін өтініш жазған сәтте жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет, және өтініш жазған сәтте кемінде екі жыл некеде тұрулары керек. Бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде жұбайлардың екеуінің де тіркеуде болулары маңызды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің кейіннен сатып алу құқығымен жалға беретін тұрғын үйге қоныстандыру үшін бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйі болмауы керек.

Өтініш қабылданғаннан кейін жас отбасының жағдайы балдық көрсеткішпен есептелетін болады. Яғни, тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл, мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.

Осы балдар есептеліп, жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлу кезектілігі жиналған балына сәйкес белгіленетін болады.


Ақерке Ақылбекқызы
Следующая →