Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық фильм Швейцария кинофестиваліне қатысады

"Joqtau" фильмі әлемдегі беделді кинофестивальдердің бірі Locarno Film Festival байқау бағдарламасына енді

Новости Казахстана / Қазақстандық фильм Швейцария кинофестиваліне қатысады
Фото:
t.me/madenietaqparat

Бұл фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Joqtau" - қазақстандық режиссер Аруан Анартайдың дебюттік фильмі. Фильмдегі басты рөлдерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исбек Әбілмәжінов, көрерменге "Қаш", "Патриоттар уақыты", "Сақтаушы" картиналары арқылы танылған, атышулы "Дәстүр" фильмінде ойнаған Ермек Шынболатов, сондай-ақ "Joqtau" фильмі – мансабындағы алғашқы жоба болған актриса Ирина Балкова сомдайды.

Роуд-муви жанрындағы фильмде қазақ даласы мен оның түкпіріне сапарға шыққандар туралы баяндалады. Кейіпкерлер түрлі оқиғаларды бастан кешіріп, олардың ұстанымдары мен сенімі сыналады.

Швейцария кинофестивалі – ең беделді фестивальдердің бірі және әлемдік киноиндустриядағы ықпалы зор бестіктің қатарында.

Локарнодағы 77-ші кинофестиваль 2024 жылдың 7-17 тамызы аралығында өтеді. Байқауға түскен әр фильм бес ретке дейін фестивальдің 10 алаңында көрсетіледі.

Следующая →