Астанада бір пәтерде мыңға жуық адам тіркелген
Елорда прокуратурасы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады
Көші-қон заңнамасы талаптарын бұзған пәтер иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы. - Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен "резеңке" пәтердің иесі ҚК-ның 394-бабының 1-бөлігі бойынша сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
ҚК-ның 394-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.