Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +25°
$
482.78
536.66
¥
67.66
5.28
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Халықаралық биология олимпиадасына қатысушылар арасында ШҚО оқушысы бар

Астана қаласында биологиядан IBO-2024 35-ші халықаралық олимпиада басталды. Ол 7-14 шілде аралығында өтеді

Новости Казахстана / Халықаралық биология олимпиадасына қатысушылар арасында ШҚО оқушысы бар
Фото:
ШҚО білім басқармасы

Мақсаты – биологиялық зерттеулерге қызығушылықты арттыру, дарынды оқушылардың идеяларын насихаттау және өзара тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасау, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) – әлем елдерінің орта мектеп оқушылары арасындағы ең бәсі жоғары бәсеке және білім саласындағы ең ауқымды шаралардың бірі. Қазақстандық мектеп оқушылары ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның мұндай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан.

Биылғы олимпиадаға 80 елден 350 оқушы қатысады деп күтілуде. Додада 40-тан астам жүлде таласқа салынады. Еліміздің құрама командасы сапында төрт оқушы бар.

Мәртебелі әлемдік зияткерлік сайыста еліміздің Ұлттық құрамасы сапында Қазақстанның намысын Өскемен қаласындағы Білім-инновация лицейінің оқушысы Төреханұлы Нұртөре қорғайды, – деп хабарлады ШҚО білім басқармасы.

Следующая →