Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы "Жылу энергетикасы туралы" Заңға қол қойды

Құжат алғаш рет жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен дамуы үшін жылу энергиясын өндіру, беру, өткізу және тұтыну процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды дербес заң түрінде реттейді

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы "Жылу энергетикасы туралы" Заңға қол қойды
Фото:
Устинка LIVE

Сонымен қатар жылу энергетикасы саласының сапалы және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жаңа тетіктерді енгізу және қолданыстағысын күшейту жолымен реттеу жүйесі жаңғыртылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақорда ақпаратына сүйеніп.

Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері, қағидаттары айқындалды.

Бұдан бөлек, аталған сектордың дәйекті және тиімді дамуын қамтамасыз ету үшін оны ілгерілетудің жоспарлау және жай-күйін бағалау тетіктері енгізілді. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі жылу энергетикасының өңірлер, сондай-ақ, өндіріс, тасымалдау, өткізу, тұтыну секторлары бойынша салалық мемлекеттік органдар әзірлеген негізгі және мақсатты көрсеткіштерді бекітеді.

Жылумен жабдықтау жүйесі құрылымдалып, жылумен жабдықтайтын субъектілер мен олардың қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген.

Жылумен жабдықтау жүйелері қуаттылығына және тұтынушылардың қосымша жүктемесіне қарай орталықтандырылған, жергілікті және жеке жылумен жабдықтау жүйелері болып бөлінеді.

Сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тарифтік реттеу, энергия үнемдеуді қолдау, жылу энергетикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тетіктері жаңартылды.

Жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жылу энергиясы көздерін пайдаланудан шығару шарттары белгіленді. Сонымен қатар жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.

Следующая →