1-сыныпқа қабылдау туралы 270 мыңнан астам өтінім түсті
1-сыныпқа өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады
Бүгінге дейін 275177 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
1-сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша олардың 1-сыныпқа баруға толық мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.
Азаматтарға қолайлы болу үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылды. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады. 1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.