ҚР Президенті Путинге көңіл айтты
Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза болды
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.
Дағыстан республикасының басшысы Сергей Меликовтың әкімшілігі Telegram арнасында 24, 25, 26 маусым күндері аза тұту күні деп жариялады.