Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болды
Тиісті бұйрықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады
Құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесі 8 тармақпен толықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі zakon.kz ақпаратына сүйеніп.
Енді елімізде мынадай мерекелер ресми түрде атап өтіледі:
• Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкер күні – 7 сәуір;
• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
• Метрология қызметкері күні – 20 мамыр;
• Ветеринарлар күні – 10 шілде;
• Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні - қыркүйектің бірінші сенбісі;
• Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерінің күні - 1 қазан;
• Стандарттау қызметкері күні - 14 қазан;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.