Қатерлі ісікке шалдыққандар call-орталық арқылы көмек сұрай алады
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек мәселелері жөніндегі call-орталығын іске қосты
Фото:
pexels.com
Республикалық call-орталықтың нөмірі: 8 (7172) 570 950, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады, - деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігі. - Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.