Кирилл Герасименко 3-рет Олимпиадаға барады
Үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Кирилл Герасименко Парижде өтетін Олимпиадаға лицензия алды
Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті ақпараты бойынша, ол бұл мүмкіндікке көптеген рейтингтік жарысқа қатысып, тұрақты ұпай жинау арқылы қол жеткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде (ITTF) ол Азия құрлығында жолдамасы жоқ ойыншылар арасында ең жоғарғы орынға жайғасты, - деп хабарлады Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті. - Айта кетейік, Герасименко осымен 3-рет Олимпиадада сынға түседі. Осыған дейін Кирилл Рио мен Токиода ел намысын қорғаған. Франция астанасында спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарына 44 күн қалды. Қазіргі таңда ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама бар. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.