Алакөлге апаратын рейстер көбейіп, жиілейді
Алакөл мен Балқаш бағытындағы маусымдық рейстерді ұлғайту мәселесі пысықталуда
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
Жазғы маусым қарсаңында Қазақстанның курорттық аймақтарына апаратын маусымдық рейстердің жиілігі мен санын арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Өткен жылдары олардың саны Алакөл көлінде демалғысы келетіндердің ағынын қамтымағаны белгілі. Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, биыл конкурстардың қорытындысы бойынша 22 субсидияланатын авиарейсті жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Үржар – Алматы – Үржар, Алматы – Үшарал – Алматы бағыттары бойынша. Сонымен қатар, Астана – Үржар – Астана, Алматы – Үржар – Алматы, Алматы – Балқаш - Алматы Астана – Балқаш – Астана бағыттары бойынша коммерциялық авиарейстер жоспарлануда, - деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.