Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +22°
$
480.61
+1.23
534.53
+2.90
¥
67.76
+0.18
5.28
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа баспана берілді

31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды

Новости Казахстана / Тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа баспана берілді
Фото:
t.me/KZgovernment

Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр, - деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Одан өзге, 3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.

5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, зардап шеккен 34 шағын-орта бизнес субъектісінің жалпы сомасы 377 млн теңгелік шығыны өтелді. Барлық облыста өңірлік және аудандық комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Шығындарды өтеу және құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндіру үшін 1432 нөмірі бойынша "Атамекен"ҚР ҰКП "жедел желісі" іске қосылған, - деп хабарлады ҚР Үкіметі.

Следующая →