Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шымкентте асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіс жегізген

Шымкент қаласында тұратын ерлі-зайыптылар асырап алған балаларға қорлық көрсетіп, ұрып-соққан

Новости Казахстана / Шымкентте асыранды балаларға зәр ішкізіп, нәжіс жегізген
Фото:
pixabay.com

Балаларға тиесілі ақшаға мал сатып алып, оларға баққызып қойған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеме жасады.

Бұл қылмыс бойынша біз ақпан айынан бері ҚР ІІМ, Бас прокуратура және Шымкент қаласының Балалар құқықықтары жөніндегі уәкілімен бірлесе жұмыс істеп келеміз. Іс сотқа жіберілді. Мектеп мұғалімдері және қамқоршылық органдарына қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр, - деді Динара Зәкиева.

Асыранды балалардың үлкенінің сөзінше, ерлі-зайыптылар балаларға зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған. Балаларға тиесілі ақшаға ешкі сатып алып, балаларға баққызған.

 

Қазіргі таңда әр дерек бойынша қатаң тергеу жүріп жатыр.

Балалардың үлкендерінің денелеріндегі көгерген жерлерді көрген мектеп мұғалімдер мен қамқоршылық органдарына сұрақ көп. Оларға қатысты да қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүріп жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. - Бұл кейінгі бірнеше айда бала асырап алған отбасылардың тарапынан болған азаптау анықталған 4-ші жайт.

Осыған байланысты ақпан айының соңында Президент Әкімшілігінде әкімдіктерімен кездесу өткізілген.

Нәтижесінде:

  • Наурыз айынан бастап барлық асырап алушы отбасыларға рейд жүргізу басталды. Аяқталу мерзімі - 1 шілде.

  • Заңға өзгерістер енгізілді: мемлекеттік органдарға, соның ішінде қамқоршылық органдарына тексеру жүргізу бойынша өзгерістер қабылданды. Бұрын қамқоршылық органдарына тұрақты тексерулер жүргізілмеген.

  • Қамқоршылық органдары қызметкерлерінің тапшылығын жүйелі түрде шешу үшін біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен және депутат Ю.В. Кучинскаямен бірлесіп, заңға қамқоршылық органдары қызметкерлерінің құзыреті мен санын бекіту туралы түзетулер дайындап, жолдадық. Олар бұл саладағы түбегейлі өзгерістер енгізу үшін ерекше маңызды. Қазір олар үкіметтің қорытындысында.

Мысалы, қазір Шымкент қаласындағы 485 мың балаға 5 қамқоршылық қызметкері ғана бар, яғни бір қызметкерге 90 мың бала келеді. Түзетулерді енгізу халықаралық нормативті бекітуге мүмкіндік береді: 1 қызметкерге 5 мың бала, яғни Шымкентте 5 емес, 90 қызметкер болады, - дейді Динара Зәкиева. - Қызметкерлер жалақысын 50%-ға арттыру мәселесін де қарастырдық. Бұны үш аймақтан басқа барлық аймақ қолдап, келісім берді. Бұл мәселемен де айналысып жатырмыз.

Следующая →