Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Терроризм туралы жалған хабар бергендерге жаза қатаң

Кеше Telegram мессенджерінде Астана қаласындағы мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы хабарлама тараған

Новости Казахстана / Терроризм туралы жалған хабар бергендерге жаза қатаң
Фото:
pexels.com

ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабар үшін жауапкершілік барын еске салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

18 сәуірде Telegram мессенджерінде Астана қаласындағы мектептерге шабуыл жасау қаупі туралы видеолар, хабарламалар тарала бастады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Хабарламада көрсетілген орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша шаралар қабылданды. Осыған байланысты дүрбелеңге салынбай, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижесінде анықталғандай, бұған дейін Ресей Федерациясының бірқатар өңірінде осындай хабарламалар таралған. Telegram-да жарияланған видео жалған және 2024 жылдың 31 қаңтарында Ресей Федерациясының Калуга қаласында тараған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында осындай хабарламалар тараған болатын.

Жалған хабарды таратқаны үшін Қарағанды және Қостанай қалаларында кәмелетке толмаған балалар ұсталды. Олардың жасы ескеріліп, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарататын арналарды бұғаттау туралы мессенджер әкімшілігімен жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп еске салды тәртіп сақшылары.

Айта кеткен жөн, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Следующая →