Су тасқынына байланысты елдегі бірнеше ауқымды шаралар өтпейтін болды
Астана халықаралық форумы мен Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы келесі жылға шегерілді
![Новости Казахстана / Су тасқынына байланысты елдегі бірнеше ауқымды шаралар өтпейтін болды Новости Казахстана / Су тасқынына байланысты елдегі бірнеше ауқымды шаралар өтпейтін болды](/upload/iblock/541/jb74xgb2qb25nf6xx8v0392c215kkofa/imgonline_com_ua_Resize_Wv58k7z1oVZ.jpg)
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу және апаттың салдарын жою үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны үнемдеу ұйғарылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сол себепті де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, форум биылғы 13-14 маусымға жоспарланған болатын.
Сондай-ақ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы және 2025 жылға ауыстырылды.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.