ШҚО-ның таулы аймақтарының 63%-ында қар жатыр
Күн жылынып, нөсер жауса, ШҚО тау өзендерінде қатты су тасқыны болуы мүмкін
"Қазгидромет" тау өзендері бойынша 2024 жылғы вегетациялық кезеңге арналған гидрологиялық болжам жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
Тау өзендері үшін (Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы) алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткішін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алған ылғал жиналу кезеңінде жауған жауын-шашынның жалпы көлемі құрайды.
"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың айтуынша, Жерді қашықтықтан зондтау суреттерінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі Жамбыл облысы бойынша 2%, Түркістан облысы бойынша 2%, Алматы облысы бойынша 14%, Жетісу облысын бойынша 18%, Абай облысы бойынша 9%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 63% құрайды.
Метеостанцияларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін. Бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал. Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны орын алуы мүмкін, - деді Алина Исмагулова.