Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мектеп оқушыларының білім сапасы бағаланады

15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады

Новости Казахстана / Мектеп оқушыларының білім сапасы бағаланады
Фото:
Устинка LIVE

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оған 2462 мектеп бойынша 4-ші және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мониторинг арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ оқу процесінің осал тұстарын анықтауға болады. Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Оның қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.

Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және төртінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған, - дейді "А. Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ-ның төрағасы Мағжан Аманғазы.

Айта кету керек, мониторинг 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Следующая →