Мемлекет басшысы тасқын болған өңірлердің біріне барады
Қасым-Жомарт Тоқаев бейсенбі күні тасқыннан зардап шеккен аймақтардың біріне барады
Фото:
facebook/Берік Уәли
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - деді Берік Уәли.