Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды - Үкімет басшысы

Олжас Бектенов ведомстволар мен өңірлердің басшыларына бірқатар тапсырма берді

Новости Казахстана / Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды - Үкімет басшысы
Фото:
t.me/KZgovernment

Қажет болған жерде эвакуациялау жұмыстарын алдын ала жүргізу керектігі ескертілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігі Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды құтқару жөнінде қажетті шаралар қабылдауын тапсырды. Қазіргі жағдайда ең маңыздысы – азаматтарымыздың өмірі. Қажет болған жерде эвакуациялау жұмыстарын алдын ала жүргізу керек. Әкімдіктерге Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында орын алған су тасқынына назар аудара отырып, еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде су басып кетпеуі үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды. Орын алған қателіктерден сабақ алып, жұмысты жаңадан тиімді етіп ұйымдастыру қажет. Бұл ретте жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы халықты дер кезінде хабардар етіп отыру маңызды.

Ауқымды су тасқынына алып келген себептерді анықтап, оларды жою жөнінде ұсыныстармен бірге қалыптасқан жағдайға толық талдау жүргізу қажет. Әрбір өңір географиялық және ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, іс-шаралар жоспарын қайта қарауы керек.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, 2025-2029 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмысқа тәжірибелі салалық сарапшыларды тарту керек. Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Қаржы, Көлік, Құрылыс, Су ресурстары министрліктері мен өңір әкімдіктері тез арада апаттан келген шығын көлемін бағалап, зардап шеккен адамдарға материалдық көмек көрсетуге кіріссін. Әкімдіктер жергілікті жерлерде зардап шеккен тұрғындарды шығынды өтеу алгоритмі және үй салу үшін көрсетілетін көмек туралы атаулы түрде хабардар етуге тиіс. Зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, - деді Үкімет басшысы.

Следующая →