Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады

Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі өзендердегі су деңгейі туралы айтты

Новости Казахстана / ШҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады
Фото:
Устинка LIVE

Сәуір айының алғашқы онкүндігінде ШҚО-ның таулы аудандарында жауын-шашын нормадан көп жаууы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бүгінгі таңда Қазақстанның аумағының 27%-ы қар жамылған. Қазақстанның жазық жерлеріндегі өзендер бассейндеріндегі су қорының көлемі азайды. Су тасқынының ең көп көлемі Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктеріндегі өзендерде болмақ, алайда су тасқыны қаупі сақталып отыр. ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола облыстары, СҚО өзендерінде және Қостанай облысының солтүстік жартысында су деңгейінің көтерілуі және қауіпті көрсеткіштердің артуы байқалады, - деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Болжамға сәйкес, 2024 жылғы 1-10 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын болмақ. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп күтіледі. Республиканың басым бөлігінде түнгі уақыттағы жауын-шашын қарға ауысып, ал күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде.

Следующая →