Тасқын бойынша жалған ақпарат таратқандар жазаланады
Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде арандатушы жалған ақпараттар да тарап жатыр
Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі.
Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі төтенше жағдай орын алуда. Бұл ретте әлеуметтік желілерде оқиға орнынан нақты ақпарат қана емес, арандатушылық сипаттағы жалған ақпараттар да тарап жатыр, - деп жазды Аида Балаева. - Кейбір азаматтар ақпараттың шынайылығын тексермей, таратып жібереді. Бұл онсыз да су тасқынының бел ортасында апатпен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын қиындата түседі. Бұл техникалық құралдардың тапшылығы жағдайында тиімді жұмысқа орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан ақпарат тарату кезінде оның дұрыстығына көз жеткізуге шақырамыз.
Министр жалған ақпарат таратқан кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.