Биыл сары аурумен ауырғандар саны артқан
2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелген
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.
Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.
Инкубациялық кезең 14-тен 35 күнге дейін.
А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады. Вирустан вакцинация қорғайды. Екі жастағы балалар мен инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар екпе алуы керек.